ҚОР ТУРАЛЫ

Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры Қазақстан Республикасында 2014 жылдың қараша айында құрылды.  


Қордың негізгі міндеттері:

  • банктік және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ету;
  • банктер, өзге де қаржылық ұйымдар және өкілетті мемлекеттік органдар арасында даулы жағдайларды реттеу бойынша ұсыныстар жасау;
  • банктер және қаржылық ұйымдар ұсынатын қызметтердің сапасын бақылау;
  • қаржылық қызметтер нарығын зерттеу және талдау;
  • қаржылық қызметтер мәселелері бойынша заңнама нормаларын түсіндіру;
  • халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.


Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Қор келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • банктердің және өзге де қаржылық ұйымдардың қызметімен байланысты өтініштерді және шағымдарды қарау;
  • банктерге және қаржылық ұйымдарға өкілетті мемлекеттік ұйымдармен дауларды шешуге ықпал ету;
  • өкілетті органдарға анықталған бұзушылықтар туралы хабарлау және бағыныштылық бойынша тексеруге өтініштерді жолдау;
  • заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік органдардың, қаржылық ұйымдардың өкілдерін, тәуелсіз мамандарды тарта отырып семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу;
  • БАҚ-қа арналған баспасөз-конференциялар өткізу;
  • қызмет қорытындылары туралы есептерді жариялау.
  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif