10
Қыркүйек
2015

АҚШАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ АҚШАСЫН ЖОҒАЛТУҒА ҰРЫНҒАН САЛЫМШЫЛАРҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ БАСТАЛДЫ

Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қоры 2015 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР Ұлттық банкі банктің салымшыларына ақша курсының айырмашылығын төлеу (ақшаның құнсыздануы нәтижесінде ақшасын жоғалтқандарға өтемақы төлеу) туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Курстық айырмашылық  егер 2015 жылдың 18 тамызына қарағандағы операциялық күннің аяғында салымшыда  екінші деңгейлі банктерде және/немесе "Қазпошта" АҚ-да теңгемен ашылған   депозиті  болған жағдайда төленеді . Сонымен қатар банктік есептегі салым бойынша қалдық  2015 жылдың 18 тамызына қарағандағы жағдай бойынша  1 миллион теңгеден артық болмауы тиіс.  Курстік айырмашылықты төлеу жеке тұлғалардың жедел депозиттері бойынша жүзеге асырылатын болады. Курстік айырмашылықты алу үшін салымшы депозитін  арнайы есеп -шотта бір жылдан кем болмайтын мерзімге сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.   Салымшылар депозиттерін қайта рәсімдеу үшін 2015 жылдың 1 қазанына дейін банк бөлімшелеріне хабарласулары қажет.

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif