02
Қазан
2015

АЙЫРБАСТАУ ПУНКТТЕРІНДЕ АЙЫРБАСТАУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТА БАНКНОТТАРЫНЫҢ АЙНАЛЫМҒА ЖІБЕРУГЕ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ БЕЛГІЛЕРІ ТУРАЛЫ

Шетелдік валюта банкноттарын жарамды/жарамсыз деп тану тәртібіне қатысты өтініштерді қарастыру нәтижелері бойынша, Қаржы қызметінің Ұлттық даму қоры төмендегідей хабарлама жасайды.

Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 16 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №144 қаулысымен белгіленген.

Төмендегідей бүлінген жерлері бар банкноттар айналымға жарамды деп танылады:
1)
ескірген және кірлеген;

2) жыртылған бұрыштары немесе бөліктері (көлемі 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын) жапсырылған, бұл ретте жыртылған бөліктер дәл осы банкнотаға тиесілі болуы тиіс;  
3)
банкнотаның енінің (ұзындығының) төрттен бір бөлігнен аспайтын жыртылған бөлігі жапсырылған;

4) ұсақ майлы және басқа да дақтары, жазулары және мөрдің іздері (өтелгендігін немесе банкнотаның түпнұсқа немесе үлгі екендігін куәландыратын мөрлерден басқа) бар, олар банкнотаның түпнұсқа екендігін анықтауға кедергі келтірмейтін және осы тармақта көрсетілген заңды төлем қаражатының айналымға жарамды екендігін көрсететін негізгі белгілерді едәуір мөлшерде (50 пайыздан асатын) жауып тастамайтындай болуы қажет;

5)саңылауының диаметрі 0,5 миллиметрден аспайтындай тесіктері бар.  

Төмендегідей бүлінген жерлері бар банкноттар айналымға жарамсыз деп танылады:
1) бірнеше бөлшекке бөлінген және қайта жапсырылған;

2) бастапқы бояуы өзгерген немесе өңі кеткен;

3) күйіп қалған немесе күйдірілген;

4) толық немесе қомақты бөлігі (заңды төлем қаражатының айналымға жарамды екендігін көрсететін белгілерінің бірінің 50 пайызынан астамы) боялған, қара бояу, май жағылған;
5)
химиялық реактивтердің, оның ішінде қағаздың ультракүлгін сәулелердің әсерінен жарқырауына әкеліп соғатын реактивтердің әсеріне ұшыраған;

6) қасақана зақымдалған жерлері бар (негізгі суреттер өзгерген, оның ішінде адамдардың портреттері, қорғаныс жібі алынып қалған, анық көрініп тұратын қомақты орынды алып отырған жазбалары бар, суреттердің дұрыс көрінбеуі немесе шимайлануы);

7) басылып шығарылған кездегі ақаулығы айқын көрініп тұрған банкноттар (су белгісінің немесе қорғаныс жібінің болмауы немесе дұрыс орналастырылмауы, суреттердің дұрыс көрінбеуі немесе шимайлануы);

8) геометриялық өлшемдері азаю жағына болсын, ұлғаю жағына болсын, үш миллиметрден артық өзгертілген.

Айналымға жіберуге жарамсыз банкноттарды сатып алу және ауыстыру уәкілетті банктер тарапынан жүзеге асырылады, бұл жағдайда банкноттардың номиналды құнының он пайызынан аспайтын комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі алынады).

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif