07
Сәуір
2015

ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ТӨРАҒАСЫМЕН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ҮМІТСІЗ НЕСИЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА ҚАЛАЙ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ СҰХБАТ

2015 жылғы 11 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев проблемалық несие мұрасынан арылуға көмектесетін жоспар әзірлеу және ипотекалық несие бойынша борыш құрылымын қайта қарау мәселелерін шешу туралы тапсырма берді. Нәтижесінде үкімет 130 млрд теңге бөледі – деген шешім қабылданды.  Алайда ақша әлі де игерілмеген. Әрі оның банктерге түсетіндігі және адамдарға көмектесетіндігі факт емес.

2004 жылдан бастап 2009 жылғы кезеңде берілген, кепіл ретінде қарыз алушының және оның жұбайының (зайыбының) жалғыз тұрғын үйі болатын,   ипотекалық тұрғын үй қарызы қайта қаржыландыруға жатады. Қолдау көрсету механизмі төмендетілген сыйақы мөлшері шарттарында жаңа қарыз беру, борыш валютасын өзгерту және/немесе несиелендіру мерзімін ұлғайту  жолымен ипотекалық тұрғын үй қарызын (ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу талаптарын өзгерту) қайта қаржыландыру болып табылады. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік осал халық тобына; ипотекалық тұрғын үй қарызын шетел валютасында алушыларға; ипотекалық тұрғын үй қарызын ұлттық валютада алушыларға және мерзімі асқан борышы барларға жататын қарыз алушыларға жататындарды алғашқы кезекте қолдау қарастырылған. Барлық берілген оптимизмге қарамастан, бағдарламаның орындалмау қаупі бар. Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры төрағасы Михаил Кленчин осылай деп есептейді.

- Михаил, сіз ипотекалық несие алушыларға көмек бағдарламасының іске асырыла алмайтындығы жөнінде айттыңыз. Алайда неге мемлекет қарыз алушыларға көмектесуі қажет, мұның мәні неде?

- Бүгінгі күні ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарыз алушыларға көмек бағдарламасының орындалмау қаупі бар, - бұл мұзтаудың шыңы ғана, яғни ертеде шешу қажет мәселенің бір бөлігі ғана. Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша проблемалық несиелердің үлесі тек 570 млрд теңгені құрайды, ал осындай проблемалық несиелер Қазақстанда жеті есе көп - 4 трлн тенге.

Бұл қар кесегі көп жыл бойы жиналды, бұл бірқатар жағымсыз салдарға әкелді. Біріншіден, бұл әлеуметтік кернеулік. Екі құнсыздануды басынан өткерген және несие төлейтін жағдайы жоқ, 2004-2009 жж. қарыз алған,  көптеген жеке тұлғалар агрессивті ниетте және ең соңғы амалдарға баруға дайын, бұл қолайсыздыққа ұшыратады, себебі жағдай жарылуға қауіпті болады.

Екіншіден, қазақстандық банктерге төмен рейтинг беріледі – бұл «нашар несиелердің» көп көлемінен болады. Нәтижесінде жалпы инвестициялық климат нашарлайды. Мұндай тура цифрларды көрген инвесторлар, байыбына бармай жатып инвестициялау мүмкіндігінің өзін жоққа шығарады. Үшіншіден, банктер, бұл ақшаларды ала алмайтындығын түсінсе де, жылдан жылға баланста соманы есепке алуды жалғастырады, бұл нақты статистиканы бұрмалайды.

Сондықтан осы мәселені шешу қажеттілігі өте ерте кезде туындады. Басын құмға жасырған страус тәрізді болуға болмайды. Мойындау қажет, шешім шығарып, сәйкес қорытынды жасау қажет және келешекте мұндайға жол бермеу қажет. Мұнда жалпы мемлекеттік мүдде, сонымен қатар елдің барлық экономикасының тұрақтылығы қозғалады, себебі оның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Және егер қандай да бір жағдай банктерге кедергі келтірсе, онда бірден бизнеске арналған несие құнына, банк салымдарының мөлшерлемесіне әсер етеді, басқа да жағдайларда кері әсер етеді.

Негізгі борышты есептен шығаруға болмайды, алайда пайыз мәселесін шешуге болады.

- Егер бұл осылай болса, онда неге банктерге осы барлық соманы есептен шығармасқа, осылайша жаңа парақтан бастар еді?

- Банктер мұны бірқатар себептерге байланысты жасай алмайды. Ең алдымен – банк алдындағы борыш негізгі борыш сомасынан, сыйақыдан, айыппұлдан тұратындығын анықтау қажет.

Алайда президент бұдан бұрын банктен нақты алынған сомаларды кешіру туралы ешқандай сөз жоқ, кез келген жағдайда оларды, яғни негізгі борышты қайтару қажет деп атап өтті. Дегенмен оны, ең төменгі жылдық пайызы - 3 % дейін төмендете отырып, қайта қаржыландыру көзделеді, мысалы, егер адам несиені 20% алса, онда қазір бұл мөлшерлеме 3% дейін төмендетіледі.

Ал сыйақылар мен айыппұлдарды кешіру туралы сөз болмауы қажет.

Бұл өте маңызды, себебі сомада олар негізгі борыш сомасын ұлғайта алады. Мысалы, егер адам 20 жылға жылдық 10% 100 000$ несие алса (бұл өте төмен мөлшерлеме, көбі едәуір жоғары пайызбен алды), мерзімі аяқталған кезде ол банке 300 000$ төлеуі қажет, яғни сыйақы мөлшері - 200 000$. Және бұл мерзімін асыру бойынша айыппұл есебінсіз. Міне сондықтан қазір негізгі борыш бойынша барлығы 3% дейін пайыздық мөлшерлемені төмендетумен қоса барлық сыйақы және айыппұл сомаларын кешіру қарастырылады. Бұл қарыз алушыларды өте қызықтырады. 

- Қалайша банктер мұндай есептен шығаруға баруға дайын, олар осы қарыздар бойынша табыстарды толық жоғалтады ғой?

- Өте дұрыс, банктер үшін бұл үлкен шығын, сондықтан көп жылдар бойы іс бір орыннан қозғалмады. Және банктерді қарыз алушылардың сыйақыларын ғана емес, сонымен қатар айыппұлдарды кешіру тәрізді мұндай талаптарға баруға мәжбүрлеуге көп күш жұмсалды. Дәл осы үшін, үдерісті ынталандыру мақсатында, мемлекет банктерге 130 млрд. теңге бөледі. Яғни Ұлттық Банк титаникалық жұмыс жүргізді, банктер қабылдаған бағдарлама әзірленді және бүгінгі күні борыштарды есептен шығаруға және кешіруге, сонымен қатар ең төменгі 3% мөлшерлеме ұсынуға дайын. Сондықтан осындай қадамға барғаны үшін банктерге алғыс айту қажет, 130 млрд банктерге мемлекеттен қайтару талаптарында қарызға беріледі.

Борышты есептен шығаруға салық жүйесі кедергі келтіреді

- Егер банктер мерзімі асқан айыппұлдарды есептен шығаруға, қарыз алушыдан сыйақы алудан бас тартуға, комиссияны кешіруге дайын болса, мемлекет бұл үшін 130 млрд бөлді, және банктер оны қайтарады, ендеше неліктен барлығына тиімді мұндай бағдарлама «тұрып қалды»?

- Иә, банктер кешіруге дайын. Сонымен қатар, қайталап айтамын, сөз тек ипотекалық борыш қана емес, жалпы барлық өзге де борыштар туралы айтылады. Және көптеген банктер осындай тәсілдермен борышты, және тек қана сыйақылар бойынша ғана емес сонымен қатар айыппұлдар бойынша борышты есептен шығаруға дайын, алайда кей жағдайларда негізгі борышты да есептен шығара алады. Алайда олар мұны салық заңнамасы жетілдірілмегендіктен жасай алмайды.

- Заңнамада не дұрыс емес?

- Салық кодексіне сәйкес, мұндай сомалардан борыш сомасын кешірген жағдайда банк 20% КТС (корпоративті табыс салығын), сонымен қатар жеке табыс салығы түрінде салық міндеттілігі туындағандықтан қарыз алушы үшін кешірілген сомадан 10%  төлеуі тиіс. Яғни банк шығынға ұшырағанына, табыстан бас таруына, борышты кешіруіне және есептен шығаруына  қарамастан, ол тағы да ең алдымен 20, кейін 10 пайыз тағы төлеуі тиіс!
Әрине банктер мұндайға ешқашан бармайды, себебі табыс алмай, ақшадан айырылып, және тағы да қосымша ақша төлейтіндей оларда мұндай сома жоқ. Сондықтан осы нашар несиелер жинала береді. Ал ипотека алушыларға көмек бағдарламасына келсек, сыйақылар мен айыппұлдарды кешіру – бұл шешуші сәт екендігін атап өткім келеді. Сондықтан, егер банктерге кешіру кезінде салықтан құтылуға мүмкіндік берілмесе, онда бағдарламаны іске асыру туралы ешқандай сөз қозғалмайды.

Ипотека алушылар күтетін заңды салықшылар қалай блокадалайды

- Егер бағдарлама президенттің тапсырмасына сәйкес әзірленсе, үкімет бекітсе, онда Салық кодексіне мұндай түзетулер енгізуге не кедергі келтіреді?

Салық кодексіне өзгерістер енгізу парламенттің сәйкес заң қабылдау жолымен жүргізіледі. Алайда, депутаттар мұндай заңды қарастыруы үшін, мұндай түзетулер профильді министрлікпен мақұлдануы тиіс. Бұрын бұл Қаржы министрлігі болатын, ал қазір үкімет реформалағаннан кейін, бұл Ұлттық экономика министрлігі. Олар барлық бастаманы блокадалайды және мақұлдауға жол бермейді. Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы және Ұлттық Банк осындай түзетулер енгізу мүмкіндігін қарау туралы ұсыныс білдірді. Мен салық заңнамасында осы мәселені реттеуге талпыныс көп жылдар бойы жасалып келетіндігін, алайда салықшылардың үнемі қарсы болатындығын тағы қайталап айтқым келеді.

- Неліктен салық органдары қарсы, олар өз бас тартуларын немен дәлелдейді?

- Себептері ойдан шығарылған. Мысалы олар бюджеттің салық түсімдерін ала алмайтындығын айтады. Алайда бұл абсурд, себебі бюджет бұл ақшадан ешнәрсе алған емес және алмайды, себебі банктер салық төлемін төлей отырып ешқашан кешіруді жүзеге асырмайды, бұл сенімсіз борышты бұдан әрі жинауға мәжбүр болады, осылайша портфельді нашарлатады. Сондықтан мемлекет осы «ауадағы» салық аударымдарынан ешнәрсе алған жоқ, және алмайды да.

Ұлттық экономика министрлігі атаған екінші себеп, және ұқсас көзқарас Қаржы министрлігінің атынан айтылды, бұл Салық кодексімен жеке тұлғалар несиесі бойынша банк қарызын кешіру барысында ЖТС босату қарастырылғын.

Онда қандай жағдайларда және кімді ЖТС босату көзделгендігін қарастырайық! Салық кодексі мұны тек ерекше жағдайларда ғана қарастырады – мысалы, қарыз алушы хабарсыз кеткен немесе соттың шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз, қайтыс болды деп танылған жағдайда, сонымен қатар басқа да сирек жағдайларда. Әрине бұл проблемалық борышта аз ғана үлес және олар бойынша банктер есептен шығаруды жүзеге асырады.
Осылайша, бүгінгі күні біз сенімсіз борышты банктер кешіретін барлық жағдайларда КТС және ЖТС босатуды қарастыратын салық заңнамасына түзетулер енгізуге кедергі болатын ешқандай да дәлелді себеп көріп отырған жоқпыз. Басында айтып өткендей, сөз тек ипотека алушыларға көмек бағдарламасы туралы ғана емес, сонымен қатар бағдарлама шеңберінде ғана емес, борыштың кез келген түрі бойынша айтылады.

- Мұндай түзетулерді енгізу мүмкін бе немесе кеш пе?

- Иә, әлі де мүмкін. Ұлттық экономика министрлігінің оң қорытынды беруі және қолдауы жеткілікті, ал бұдан әрі қысқа мерзімде заң жобасын депутаттар  қарап, қабылдай алады. Міне сонда ғана бағдарлама сәтті іске асырылады және бөлінген 130 млрд барлығына пайда әкеледі, бірақ бұл сонымен қатар келешекте барлық кез келген борышқа таралады, бұл банктер мен қарыз алушылар арасындағы диалогты жеңілдетеді, мүмкіндіктер көп болады және жағдай дұрысталады.

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif