30
Шілде
2015

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ VISA ЖӘНЕ MACTERCARD КАРТАЛАРЫ АРАСЫНДА ТЕРІС ТАҢДАУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОСЫМША ШЫҒЫНДАРҒА ҰШЫРАУДА

Қаржылық қызметтерді дамытудың ұлттық қоры жүргізген зерттеулер нәтижелері қаржылық қызметтердің қазақстандық тұтынушыларының тек 0,5%-ы ғана  VISAжәне MasterCard банкілік карталарын пайдаланудағы айырмашылық туралы ақпаратқа ие екенін көрсетті, бұл шетелде төлемдерді жүргізу кезінде қосымша шығындарға әкеледі.

VISAInternationalServiceAssociationжәне MasterCardWorldwideдүние жүзі елдерінің көпшілігінде қолданылатын халықаралық төлем жүйелері  болып табылады.  

Тұтынушы үшін тәжірибелік қызығушылық болып табылатын негізгі ерекшеліктердің бірі төлем жүйесін төлем жүргізу кезінде нақты шетел валютасына байлаудағы айырмашылық болып табылады. VISA жүйесі америкалық төлем жүйесі болып табылады, және АҚШ долларына байланған, ал MasterCardеуропалық болып табыалды, және еуроға (жиі) байланған.

Осыған байланысты, айырбастау валютасы АҚШ доллары болып табылатын елдерде (АҚШ, Австралия, Канада, Тайланд және т.б.) VISA карталарын қолданған артығырақ, өйткені бұл жағдайда «теңге-доллар» тура айырбастау жүреді. Ал валютасы еуро болып табылатын Еуропа елдерінде үнемдеу MasterCard жүйесінің карталарын қолданған артығырақ.

Олай болмаған жағдайда, мысалға еуропалық елдерде VISA жүйесінің карталарымен төлеу кезінде «теңге-еуроның» орнына «теңге-доллар-еуро» айырбастау орын алады, бұл қос айырбастау себебінен қосымша шығындарға әкеледі. Бұл  MasterCardжүйелерінің карталарын мысалы АҚШ аумағында қолдануға да қатысты - «теңге-доллар» айтарлықтай арзан тәсілінің орнына «теңге-еуро-доллар» сызбасы бойынша айырбастау орын алады.

Айырбастау төлем жүйесінің бағамдары бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ картаны шығарған банк комиссиялары алынуы мүмкін. Айырбастау үшін комиссиялар мөлшері ел мен банке қатысты әр түрлі болып табылады, сондай-ақ өзгермелі болуы мүмкін, осыған байланысты пайдаланушыға оның мөлшері алдын ала есептелуі тиіс.

Қаржылық қызметтерді дамытудың ұлттық қоры қазақстандықтарға тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін АҚШ пен долларға байлауы бар басқа елдерде VISAжүйесінің карталарын, ал Еуропа елдерінде MasterCard жүйесінің карталарын пайдалануды артық көруді ұсынады.

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif