16
Сәуір
2015

БОРЫШТЫ КЕШІРУ (ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ) ЖӘНЕ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ ТӨМЕНДЕТУ ҮШІН БАНК ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ

ҚР Ұлттық банк директорлар кеңесі ипотекалық борышты қайта қаржыландыру бағдарламасын мақұлдады (бұдан әрі мәтін бойынша – «Бағдарлама»). Бағдарламада қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету үшін төмендегі шаралар қарастырылған: сыйақы, комиссия, айыппұл, борыш валютасының өзгеруі, 3% дейін мөлшерлемені төмендету бойынша туындаған қарыз сомасын кешіру (есептен шығару).

Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі талаптарға сәйкес болу қажеттілігі туралы хабарлайды:

  1. Қарыз банктен немесе ипотека ұйымдарынан 2004 жылдың 1 қаңтарынан 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта алынған болуы қажет.
  2. 2015 жылдың 1 қаңтарына  Қазақстан Респубикасының аумағында қарыз алушы және оның зайыбы (жұбайы) үшін жалғыз болып табылса, қарыз тұрғын үй* немесе жер телімі** түріндегі кепілмен қамтамасыз етіледі.
  3. Негізгі борыш бойынша қарыз теңгеде 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 36 470 000 теңгені құрайды және 90 күннен артық мерзімі бұзылған, не болмаса мерзімінің асырылғандығына/асырылмағандығына қарамастан 2015 жылғы 1 қаңтарға ҚР ҰБ бағамы бойынша шетел валютасындағы эквивалент.

Мерзімінің асырылғандығына/асырылмағандығына және қарыз алушының борыш валютасына қарамастан, негізгі қарыз бойынша қарызы теңгеде 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 36 470 000 теңге не болмаса шетел валютасына эквивалент болатын халықтың әлеуметтік әлсіз тобына*** жататын қарыз алушылар Бағдарламаға қатысуға жатады.

Қаржыландыру күніне заң күшіне енген сот актілері бар қарызға қатысты анықталатын қаржыландыру сомасы негізгі борыш сомасы бойынша жүзеге асырылады: теңгеде – сот актісіне сәйкес, шетел валютасында – сот актілерін шығару күніне ҚР ҰБ ресми бағамы бойынша теңге эквивалентінде.

Бағдарламаға қатысу үшін қарыз алушыға талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге ерікті формада жазбаша түрде өтінім (өтініш) беру қажет. Өтінімдерді екінші дәрежелі банктер, ҚР Ұлттық Банкі, Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры қабылдайды.

Ескертулер:

* Тұрғын үйдің жалпы аумағы 120 шаршы метрден аспауы қажет (тұрғын үй ретінде жеке тұрғын үй бірлігі түсініледі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) немесе құрылысқа үлеспен қатысу туралы шарт бойынша қарыз алушы және оның жұбайы (зайыбы) сатып алған тұрғын үй ғимаратындағы (пәтер) құрылысы аяқталмаған үлес.

**  Жер телімін мақсатты тағайындау – аумағы 0,1 гектардан көп емес жеке тұрғын-үй құрылысы. Жер телімі 2015 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасы аумағында қарыз алушыға және оның жұбайына (зайыбына) жалғыз болып табылады.

*** Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына төмендегілер жатады:

  • мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
  • мүгедектерге және Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалар;
  • 1 және 2 топ мүгедектері;
  • мүгедек-балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші жанұялар;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен аурулар тізіміне сәйкес, кейбір созылмалы аурулардың ауыр формасымен ауыратын тұлғалар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма бес жасқа толмаған, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім-балалар.
  • оралмандар;
  • экологиялық жағдайлар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде үйінен айырылған тұлғалар;
  • көп балалы отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызметті, космос кеңістігінде ұшуды жүзеге асыру немесе дайындық барысында, адам өмірін қорғау кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қайтыс болған тұлғалардың жанұялары;
  • толық емес жанұялар.
  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif