10
Шілде
2015

ДЕРБЕС НЕСИЕ ЕСЕБІН ТЕГІН АЛУ

Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры ҚР “Несие бюролары және Қазақстан Республикасында несие тарихтарын қалыптастыру туралы” Заңның 21-бабы 2-тармағына сәйкес несие тарихы субъектісінің күнтізбелік жыл ішінде өзі туралы несие есебін тегін алуға құқығы бар деп хабарлайды.

Дербес несие есебі мазмұнында жеке тұлғаның аяқталған немесе қазіргі міндеттемелері бар, сондай-ақ оның өз міндеттемелерін орындауды көрсететін құжат болып табылады. Дербес несие есебін кез келген көрсетілген нұсқа бойынша алуға болады:

1-нұсқа.

Мына мекенжай бойынша несие бюросы кеңсесінде: Алматы қ., Самал-3 ш/а, 25-үй, 1-мұнара, 1 -қабат. Өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болуы тиіс (өкіл арқылы алса – сенімхат болған жағдайда). Тарихты беру фирмалық бланкіде жүргізіледі және дереу жүзеге асырылады.

2-нұсқа.

ХҚКО, өзімен бірге жеке куәлік түпнұсқасы болуы тиіс. Тарихты беру ХҚКО кеңесшісінің ЭСҚ (Электрондық сандық қолы) қолданылып жүргізіледі.

3-нұсқа.

ЭСҚ пайдаланып электрондық үкіметтің  egov.kz порталында өздігінен алуға болады.

4-нұсқа.

ЭСҚ пайдаланып несие бюросының 1cb.kz сайтында өздігінен алуға болады.

Анықтамалар үшін телефондар:

+7 (727) 300 01 50

+7 (727) 300 01 62

+7 (727) 300 01 66

+7 (727) 300 01 58

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif