20
Тамыз
2015

ИПОТЕКАЛЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ ҚАРЫЗДАРЫН/ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ МҮМКІН БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

Елбасының тапсырмасына сәйкес Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушылардың мәселелерін шешу үшін 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. 2015 жылдың 24 сәуірінде Ұлттық Банк басқармасының қаулысымен Ипотекалық тұрғын-үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдалама) бекітілді.

Бағдарламаны әзірлеуге тек қызығушылық танытушы мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар саяси партия және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Бөлінген қаражатты екінші деңгейлі банктерге жеткізу мақсатында, 20 жыл мерзімге 2,99% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен екінші деңгейлі 9 банктің депозиттеріндегі ақшаны бұдан әрі орналастырумен «Проблемалық несиелер қоры» АҚ капиталдандыру жүзеге асырылды.

Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейлі банктер тізіміне «Қазкоммерцбанк» АҚ («БТА Банк» АҚ және «БТА Ипотека» АҚ), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Fortebank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және «Нұрбанк» АҚ кірді.

Бағдарлама қарыз алушылардың ең жоғарғы санына ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдетуге бағытталды, сонымен бірге алғашқы кезекте халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетілетін болады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Ұлттық Банк төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:

1) Ұлттық Банк басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 70 қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен Ипотекалық қарыз бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыру бойынша несие құжаттамасын құрайтын, құжаттар тізімін анықтауға қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қаулы 2015 жылғы 24 маусымда ресми жарияланды (2015 жылғы 5 шілдеде күшіне енді);

2) Ұлттық Банктің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 30-1-06/2246 хатымен банктерге Бағдарламаны іске асыру бойынша банктердің сұрақтарына ұсыныстар жіберілді. Қазіргі кезде Ұлттық Банк банктерден қосымша түскен сұрақтарға жауаптар блогын әзірлеуде;

3) Ұлттық Банктің бастамасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде және облыстық әкімдіктерде құрамына құқық қорғау органдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қосумен қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау бойынша комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) құрылады.

Ұлттық банк Комиссиялар туралы типтік ереже әзірледі, ол жұмыста пайдалану үшін әкімдіктерге жолданды.

Комиссиялар Астана қ., Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерінде құрылды.

Алматы облысында комиссия Алматы облыстық Ұлттық Банк филиалында құрылды және Алматы қалалық Ұлттық Банк филиалында комиссия құру бойынша жұмыс жүргізілуде;

4) жеке тұлғаларға – қарыз алушыларға мерзімі бұзылған қарызды есептен шығару кезінде банктерді жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босату мәселелері қарастырылуда;

5) 2015 жылғы 23 шілдеде «Нұр Отан» партиясы АҚФ Бағдарлама шеңберінде қарыз шарттары бойынша сот орындаушыларының ең төменгі қызмет мөлшерін анықтау мәселесі бойынша шешімдерді талқылау және өндіру мақсатында ҚР Әділет министрлігі өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті. Бағдарламаның әлеуметтік бағыттылығын есепке ала отырып, қазіргі кезде ӘМ осы бағытта жұмыс жүргізеді; 

6) қоғамдық бірлестіктердің, банктердің, қарыз алушылардың және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын талдау нәтижелері бойынша қазіргі кезде Бағдарламаға енгізу мүмкіндігіне қатысты Бағдарламаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде:

- тоқтатылмаған не болмаса қарыздың бөлігі өтелмеген қарыздар бойынша банктің (ипотека ұйымының) балансына жалғыз тұрғын-үйі қабылданған ипотекалық қарыз алушылар;

- жылжымайтын мүліктің 120 ш.м. жалпы аумағынан 120 ш.м. тұрғын-үй аумағына кепілге қойылған жылжымайтын мүлік аумағына қойылатын талаптар бойынша өзгерістер;

- қарыз бойынша үшінші тұлға кепіл беруші болған жағдайда қарызды қайта қаржыландыру;

7) Ұлттық Банк белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді: қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен және қарыз алушылармен күн сайын кездесулер өткізіледі; Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдауында азаматтарға түсініктер беріледі. Сонымен қатар аймақтарда осы бағытта Ұлттық Банктің аймақтық филиалдарымен жұмыс жандандырылған. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерге бару кестелері құрылды, соған сәйкес Департаменттің басшылығы және қызметкерлері Бағдарлама шеңберінде оларға едәуір қолайлы талаптар өндіру үшін СУСН ықпал ету мақсатында қарыз алушылармен кездесулер өткізеді;

8) ай сайынғы негізде Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған қарыздар бойынша банктер ұсынатын, есептерге талдаулар жүргізіледі.

Ұлттық Банк жүргізетін жұмыс қарыз алушылардың туындаған сұрақтары және шағымдары бойынша жедел шешімдер қабылдауға, қарызды есептен шығаруды ғана талап ететін қарыз алушылар мен қоғамдық бірлестіктердің арқа сүйеушілік көңіл-күйінің орын алған орнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру барысы Ұлттық банктің және «Проблемалық несиелер қоры» АҚ тұрақты бақылауында және мониторинг жүргізуінде. Алдын ала бағалаулар бойынша, ол әлеуметтік әлсіз азаматтар санатына жатқызылатын 25000 астам қарыздарды қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Банктің деректері бойынша 2015 жылдың 15 тамызына ипотекалық қарыз алушылардан 5 434 өтініш қабылданды, 2 421 өтініш бойынша қайта қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды, жалпы сомасы 1 552 818 000 теңге 411 өтініш бойынша қарыздар қайта қаржыландырылды. 

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif