09
Маусым
2015

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ҚАРАЖАТЫН ҚАЙТА РӘСІМДЕУ ЖАҒДАЙЫНДА САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ БОЙЫНША АҚШАЛАЙ СОМАНЫ ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ

Сақтандыру қарқынды дамып келе жатқан қаржылық қызметтің бір бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті дамытудың Ұлттық қоры сақтандыру қызметтері, сақтандыру шарты тараптары арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу тәртібі, әр түрлі  жағдайлар және  сақтандыру бағдарламасы туралы халықтың ақпараттану деңгейі жеткіліксіз екенін көрсетеді.


Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырумен байланысты қаржылық қызметті тұтынушылардың үндеулерін қарастыру нәтижесі бойынша қаржылық қызметті дамытудың Ұлттық қоры келесіні хабарлайды.


Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңымен көлік құралы иелерімен азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын міндетті түрде  жасасу қарастырылған. (бұдан әрі мәтін бойынша– «автокөлік иелері»).


Сақтандыру шартын рәсімдеу кезінде автокөлік иелері сақтандыру компаниясына сақтандыру сыйақысын, яғни сақтандыру шартын жасасқаны үшін ақшалай сома төлейді.


Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде, оның ішінде көлік құралын басқа тұлғаға қайта рәсімдеу жағдайында автокөлік иесі сақтандырушыдан сақтандыру сыйақысын (оның бөлігін) шарттың әрекет ету мерзімінің аяқталуына тепе-тең  қайтарып алуға құқылы.


Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және сақтандыру сыйақысын қайтарып алу Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 15 бабы 2 тармағына сәйкес  сақтандырушыға автокөлік иесінің жазбаша өтініш  білдіруі  бойынша жүргізіледі.

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif