17
Сәуір
2015

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АЛАЯҚТАР!

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасында сыйақы, комиссия, айыппұл бойынша туындаған қарыз сомаларын кешіруді (есептен шығаруды), борыш валютасының өзгеруін, сонымен қатар 3% дейін мөлшерлемені төмендетуді қарастыратын банктің қарыз алушыларының борыш жүктемесін төмендетуге арналған бағдарлама іске асырылады.


Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры адресіне бағдарламаға қатысушылар санының шектеулі екендігі туралы белгісіз тұлғалардың ақпарат таратуы жөнінде мәліметтер түсті және мұндай тұлғалар бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне кепіл беруге ықпал етуге және ақшалай сыйақыға делдал қызметін ұсынады.

Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры саны шектеусіз, бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін барлық қарыз алушылардың бағдарламаға қатыса алатындығын мәлімдейді.

Бағдарламаға қатысуға ақшалай сыйақыға кепіл алуды ұсынатын тұлғалардың әрекеті алаяқтық болып табылады. Мұндай ұсыныстар түскен жағдайда (телефон қоңыраулары, хаттар, көшеде ұсыныс жасау және т.б.) бұл жөнінде құқық қорғау органдарына, сонымен қатар Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорына барлық мұндай жағдайлар туралы төмендегі телефон нөмірлеріне бірден хабарлауларыңызды сұраймыз:

  • + 7 727 311 04 47
  • + 7 727 311 02 04
  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif