09
Қыркүйек
2015

ҚОРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІМЕН ДАУЛЫ СҰРАҚТАРДЫ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қоры жүргізген шаралардың нәтижесінде, ҚР ұлттық экономика Министрлігі заңнамаға «үмітсіз несиелер» деп аталатындарды есептен шығару кезінде салықтық міндеттемелерден босатуды қарастыратын  өзгерістер енгізу туралы ұсынысты мақұлдады.

Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қоры оң өзгерістерге қол жеткізу макроэкономикалық зерттеулер Орталығының қолдауы және ҚР Ұлттық банкі алаңында партияның, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен жүргізілген жұмыстары арқасында мүмкін болғанын атап өтеді.  

Жоғарыда көрсетілген өзгерістердің енгізілуі ҚР Президентінің «нашар» несиелердің үлесін төмендету бағытындағы тапсырмасын тез арада жүзеге асыруға әсерін тигізеді, сондай-ақ салымшылар мен банктер арасындағы әлеуметтік шиеленісушілікті азайтады және диалогтық мүмкіншіліктерін барынша арттыруға септігін тигізетін болады.

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif