16
Қазан
2015

ШАРТТАРДАҒЫ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНЫҢ БАҒАМЫНА ҚЫЗМЕТТЕР ТАУАРЛАРЫ ҚҰНЫНЫҢ БАЙЛАМЫ ТУРАЛЫ

Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры Қазақстан Республикасы резиденттері арасында жасалатын шарттардағы шетел валютасының бағамына қызметтер тауарлары құны байламының заңдылығын түсіндіру туралы өтініштердің жиі түсуіне байланысты төмендегіні мәлімдейді.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың кепілі және негізі алғашқы кезекте ҚР АК, сонымен қатар, «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңымен реттеледі.

ҚР АК 127 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады. ҚР АК 127 бабының 1 тармағына сәйкес, теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады.

Өз кезегінде, ҚР АК 8 бабының 3 тармағымен азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс екендігі белгіленді. ҚР АК 8 бабының 4 тармағына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс. Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi.

Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры қарастырылып отырған мәселе бойынша ұстанымы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының қағидаларын қарсылықсыз сақтау міндеттеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасы резиденттері арасында жасалатын және Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасының бағамына қызметтер тауарлары құны байламы туралы талаптар орындалуға жататын шарттардағы бекіту адалдықтың, естілік және әділдік қағидаларының бұзылу көріністері түрлерінің бірі болып табылады. Мұндай жағдайларда азаматтық заңнамада шарттың талаптарын өзгерту туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы қарастырылған, бұл ҚР АК 402 бабында көзделген.

Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры шетел валютасында есеп жүргізілетін, мұндай тауарлар мен қызметтер валюталық мәмілелер және/немесе мәміле бойынша импортпен байланысты емес жағдайларда шетел валютасының бағамына тауарлар құны байламына тыйым салу түрінде қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу қажет деп есептейді. 

Басқа жағдайда, мұндай тәжірибе нарық экономикасы талаптарында кәсіпкерлікті қолайлы дамытуға кедергі келтіреді.

  • pic 10
  • bank ru
  • minfin
  • imc ru
  • cif